Мексика құрамасы рекорд орнатты

17 шілдеге қараған түні Инглвуд қаласындағы (АҚШ) «Соу-Фай» стадионында КОНКАКАФ Алтын кубогының финалдық ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда Мексика мен Панама құрамалары кездесіп, Мексика құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Кездесудегі жалғыз гол 88-минутта соғылды. «Фейеноорд» шабуылшысы Сантьяго Хименес Мексиканың алтын голын соқты.
Соққылар саны бойынша Мексика жеңіске жақын болды. Панама 14 соққы, Мексика 23 соққы жасады.
Мексика бұл титулды 12-рет иеленіп, рекордты жаңартты. АҚШ құрамасы бұл жүлдені 7 рет жеңіп алған.
Турнир екі жылда бір рет өткізіледі. 1989 жылы Коста-Рика чемпион атанғаннан бері Алтын кубокта тек америкалықтар немесе мексикалықтар иеленген.