Күрестен АҚШ чемпионы ММА-де өнер көрсетеді

Америкалық балуан Джордан Оливер ММА-дағы дебютіне дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оливер 11 тамызда Bellator 298 турнирінде алғаш рет жекпе-жек өткізеді.
Оливердің қарсыласы Эндрю Триоло болады, деп хабарлайды MMA Junkie.
Оливер Олимпиадаға жолдама алуға тырысып, іріктеу турнирінде өнер көрсетті, бірақ 65 келіде финалға өте алмады. Бұған дейін, 2019 жылы Оливер еркін күрестен АҚШ чемпионы болған.