«Қайсар» футболшысының жаттығуда жақ сүйегі сынып қалды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Қайсардың» беларусьтік жартылай қорғаушысы Дмитрий Бородиннің жаттығу кезінде жақ сүйегі сынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дмитрий Бородин жаттығу кезінде ресейлік қорғаушы Владимир Гинайтиспен соқтығысып қалған.
Ойыншы алдағы матчтарда командаға көмектеспейді.
Еске салайық, 23 жастағы жартылай қорғаушы қызылордалық командаға 2023 жылғы маусым басталмай тұрып қосылған болатын. Қайсар сапында ол барлық жарыстарда 15 кездесу өткізіп, төрт гол соғып, бір нәтижелі пас жасады. Өткен маусымда «Ордабасы» сапында өнер көрсетті. Белоруссияның жастар мен жасөспірімдер құрамаларына шақырылды.