«Астананың» Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчына болжам жасалды

Ресейлік Livesport.ru сайты Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі «Астана» мен грузиялық «Динамо Тбилиси» матчына болжам жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Екі команда да ашық футболды жақсы көреді, сондықтан «Астана» да, «Динамо» да жылдам әрі нәтиже ойын көрсетеді деп күтуге болады. Болжам - тотал 3-тен көп болады.
Басқа болжам: «Астана» орта есеппен 2 голдан соғып жүр. Қазақстандық команданың нәтижелі ойынына сенуге болады», - деп жазды басылым.
«Астана» мен «Динамо» матчы 12 шілдеде өтеді, ойын елорда уақытымен 20:00-де басталады.