Евсеев Германиядағы турнирдің іріктеу кезеңінде финалға шықты

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Брауншвейгте (Германия) өтіп жатқан ATP Challenger Tour турнирі іріктеу кезеңінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеу кезеңінің жартылай финалында отандасымыз жергілікті теннисші Марк Маядарвзичті екі сетте 3:6, 4:6 есебімен ұтты.
Кездесу 1 сағат 6 минутқа созылды.
Турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алу үшін Евсеев Альваро Лопес Сан Мартин (Испания) - Янаки Милев (Болгария) жұбының жеңімпазымен кездеседі.