«Титулды қорғау үйреншікті іске айналады»

«Титулды қорғау үйреншікті іске айналады»

Әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон туниріне физикалық тұрғында дайынсыз ба деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз белгісіз вирус салдарынан «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымынан кейін жарысты жалғастырудан бас тартты.

«Дайындық жақсы өтті деуге болады, бірақ өзіміз қалаған жұмыс көлемін орындай алған жоқпыз. Бірақ жалпы алғанда мүмкіндігінше дайындалдық. «Ролан Гаррос» кейін бұл оңай болған жоқ: бір апта бойы ештеңе жасамадым, содан кейін біртіндеп жаттыға бастадым. Оңай болға жоқ, бірақ жарысқа жақсы дайындық өткіздік.

Менде аллергия бар. Мамыр айында өршіп кетеді. Басқалар сияқты тұрақты антигистаминдерді қабылдаймын. Ал вирусты иммунитетім әлсірегендіктен жұқтырып алдым. Бұл жай ғана вирус, оған қарсы жасар шарам жоқ. Тек ағзаның өздігінен қалпына келгенін күттім, сондықтан оған көп уақыт кетті».

Сонымен қатар, Рыбакина чемпиондық атағын қорғаудың түсірер салмағы туралы айтты.

«Әрине, биыл бәрі басқаша. Қысым соншалықты жоғары деп айта алмаймын. Әрине, бұл туралы адамдар айтып жатыр. Ең бастысы, біз командамен жұмысты жалғастырамыз. Олар маған кездесулерге тыңғылықты дайындалуға көмектеседі.

Менің ойымша, бұған да үйрену керек. Деңгейім жалғасты өсіп, титулды қорғау үйреншікті іске айналады деп үміттенемін. Ал қазірше бұл жаңа дүние», - деді Рыбакина баспасөз мәслихатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или