Исмагулов UFC-дегі екінші жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады

Ресейде тұратын қазақ Дамир Исмагулов UFC Vegas 76 турниріндегі жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айта кетейік, АҚШ-та өткен турнирдің негізгі жекпе-жегінде Исмагулов америкалық Грант Доусонмен кездескен болатын. Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, Доусон төрешілер шешіммен жеңіске жетті.
«Әрқашан бәрі біз ойлағандай болмайды», - деп жазды Дамир Instagram желісіндегі парақшасында.
