Стрикленд UFC Vegas 76 турнирінің басты жекпе-жегінде Магомедовті жеңді

2 шілдеге қараған түні Лас-Вегаста UFC Vegas 76 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде америкалық Шон Стрикленд пен тегі дағыстандық неміс Абусупьян Магомедов кездесті.
Жекпе-жек екінші раундта аяқталды, Стрикленд техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Стрикленд мансабындағы 27-жеңісіне қол жеткізді, ол бес рет жеңілген. Ал Магомедов 30 жекпе-жек өткізіп, 5-рет жеңіліске ұшырады.
Айта кетейік, кештің негізгі жекпе-жегінде этникалық қазақ Дамир Исмагулов америкалық Грант Доусонға есе жіберді.