Килиан Мбаппе «Реалға» ауысатын болды

Килиан Мбаппе «Реалға» ауысатын болды
news-banner7
mobile-news-top

«ПСЖ» шабуылшысы Килиан Мбаппе келесі аптада «Реал Мадридке» ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Франсуа Галлардо екі клуб франциялық футболшының трансфері бойынша келісімге келгенін хабарлады. 

Айта кетейік, Мбаппе «Пари Сен-Жерменге» 2017 жылы жазда «Монакодан» ауысқан болатын. Париждік клуб оның трансферіне 180 миллион еуро жұмсады.

Мбаппе өткен маусымда барлық турнирде 46 ойынға қатысып, 39 гол соқты және 26 нәтижелі пас берді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0