ММА

«Бұлай істеуге болмайды ғой». Бағдат Жұбаныш чемпиондық жекпе-жектегі төрешілер шешіміне наразы

«Бұлай істеуге болмайды ғой». Бағдат Жұбаныш чемпиондық жекпе-жектегі төрешілер шешіміне наразы
news-banner7
mobile-news-top

Naiza FC титулы үшін жекпе-жекте төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңіліп қалған файтер Бағдат Жұбаныш (2-1) Вестнику ММА басылымына сұхбат берді, деп жазады Prosports.kz

«Менде бәрі жақсы, бірақ шешіммен келіспеймін. Халық мені қолдап тұрса да, жеңісті неге оған берді?! Халық шулап отырса да, белдік оның еншісінде қалды... Бұлай істеуге болмайды ғой. Мұнда мен чемпионмын. Жеңісті бермесе, «халық чемпионы» атанғанның не пайдасы бар... Екінші, үшінші жекпе-жекті ұйымдастыру үшін жеңісті Сағынға берді. Егер мен жеңіске жетсем, оған реваншқа мүмкіндік берер едім, ал дәл мынадай істеу дұрыс емес», - деді файтер.

Айта кетейік, екі қазақ файтері кездескен сурер жеңіл салмақтағы чемпиондық жекпе-жекте Қазбек Сағын (5-0) жеңіске жетіп, атағын сәтті қорғады.

Айта кетейік, Бағдат Жұбаныш – қазақстандық UFC файтерлері Жалғас Жұмағұлов пен Сергей Морозовпен бірге «Еркін күш» клубының мүшесі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0