Попко Италиядағы турнирдің екінші айналымына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Перуджа қаласында (Италия) өтіп жатқан «Челледжер» турнирінен шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Попко алғашқы ойында аргентиналық теннисші Андреа Колларимен кездесіп, одан үш сетте 3:6, 6:3, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу 1 сағат 50 минутқа созылды.