Қазақстан кубогының жартылай финалының жұптары белгілі болды

Футболдан Қазақстан кубогының ширек финалдық кезеңінің матчтары аяқталды, деп жазады Prosports.kz.
Олардың қорытындысы бойынша турнирдің жартылай финалына «Астана», Ордабасы», «Атырау» және «Тобыл» командалары жолдама алды.
Жұптар келесідей:
«Астана» - «Ордабасы»
«Тобыл» – «Атырау».
Жартылай финал 28 маусым мен 8 шілдеде өтеді. Финал 4 қарашада өтеді.