Еуропа чемпионы ұлттық құрама сапында жарақат алған қазақстандық футболшыны алмастырады

Еуропа чемпионы ұлттық құрама сапында жарақат алған қазақстандық футболшыны алмастырады
news-banner7
mobile-news-top
Қостанай футбол мектебінің түлегі Александр Зуев Қазақстан азаматтығын алып, Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол ұлттық құраманың алдағы оқу-жаттығу жиынына жарақатынан байланысты қатыспайтын Аслан Дарабаевтың орнын басады.

Александр Зуев 1996 жылы 26 маусымда Қостанайда дүниеге келген, «Тобыл» футбол мектебінің түлегі. Ол өз мансабында Мәскеудің «Спартак», «Ростов», «Рубин», «Химки» сынды клубтарда ойнаған. Жартылай қорғаушы Ресей чемпионатының аяқталған маусымын «Крылья Советов» сапында өткізді.

Футболшы Ресейдің жастар және жасөспірімдер құрамаларына тұрақты түрде шақырылды. 2017 жылы Мәскеу «Спартак» құрамында Ресей чемпионы атанды.

Фото: «Химки» ФК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер