Жеңіліп көрмеген қазақстандық чемпион ресми түрде титулсыз қалды

Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасы жеңіл салмақтағы соңғы өзгерістерге қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Чемпиондық титулдың иегері, қазақстандық жеңіліп көрмеген файтер Дамир «Қазақ Сехудосы» Төленов (10-0) белбеуінен бас тартты. Қазір титул бос.
Еске салайық, жуырда Алматыда өткен OCTAGON 45 турнирінде Төленов қырғызстандық Султанбек Орозмамат уулун (7-10) мерзімінен бұрын жеңіп, қатарынан үшінші рет чемпиондық белбеуді сәтті қорғаған болатын.
Турнирдің бас серіктесі – UNDERDOG Sports спорт агенттігі