Теннис

Скатов «Ролан Гаррос» турнирінде кіммен кездеседі

Скатов «Ролан Гаррос» турнирінде кіммен кездеседі

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатовтың (АТР рейтингінде 147-орын) Францияда өтетін «Ролан Гаррос» турнирінің бірінші айналымындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз болгариялық Григор Димитровпен (33) кездеседі. Кездесу 28 мамыр күні Астана уақытымен сағат 15:00-де өтеді.

Айта кетейік, рейтингте төмен тұрғандықтан, Скатов турнирдің негізгі кезеңіне өту үшін іріктеуге қатысты. Іріктеу кезеңінде ол канадалық Габриэль Диалло (146), фин Отто Виртанен (119) және бразилиялық Фелипе Алвесті (165) жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0