Хоккей

ҚХЛ әсер етті. Хоккейден 2027 жылы әлем чемпионатын Қазақстан қабылдамайтын болды

ҚХЛ әсер етті. Хоккейден 2027 жылы әлем чемпионатын Қазақстан қабылдамайтын болды
news-banner7
mobile-news-top

Хоккейден 2027 жылы әлем чемпионатын Германия қабылдайды, ойындар Мангейм мен Дюссельдорф қалаларында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан өтінімде Алматы мен Астанадағы 2 аренаны – 12 мың адам сыятын, 2017 жылғы Универсиадаға ашылған «Алматы Арена» мен «Барыс Аренаны» көрсеткен.

«Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) әлем чемпионатының географиясын кеңейту мақсатында әлем чемпионатын Қазақстанда өткізгісі келеді, бірақ Украинадағы соғыс басталғаннан кейін «Барыс» ҚХЛ-да ойнап жүр – IIHF Ресей мен Беларусьті барлық турнирен шеттеткен», - деді Тод Миллер дауыс беруге бір күн қалғанда.

Айта кетейік, былтыр Халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардиф әлем чемпионатын елімізде өткізуге қатысты Қазақстан Президентімен кездескен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер