Хоккей

Қазақстан құрамасының шабуылшысы карьерасын қай клубта жалғастыратыны белгілі болды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы карьерасын қай клубта жалғастыратыны белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

«Номадтың» экс-хоккейшісі Максим Мухаметов ресейлік «Металлург» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Металлург» хоккей клубы шабуылшы Максим Мухаметовпен келісімшарт жасасты. 24 жастағы қазақстандық шабуылшымен келісімшарт бір жылға есептелген. Максим Мухаметов «Металлургте» 23 нөмірмен өнер көрсетеді», - деді клуб баспасөз қызметі.

Мухаметов хоккейден Қазақстан чемпионатының былтырғы маусымында 37 ойынға қатысып, 39 (19+20) ұпай жинаған. Плей-оффтың 17 кездесуінде 20 (8+12) ұпай жинаған еді.

Еске салайық, Финляндия мен Латвияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы 3 (3+0) ұпай жинаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер