Әбікен мен Отарбаев Германиядағы турнирге аттанды

Танымал футболшылар Айбол Әбікен мен Самат Отарбаев Германиядағы турнирге аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
Кельнде қазақ диаспорасы арасында чемпионат басталады. Құрылтай аясында әр елде тұратын қазақтар бас қосады.
Қазақстан намысын «Almaty city» қорғайды. Команда сапында Әбікен мен Отарбаевтан бөлек Қайрат Баймаханов бар.