Жиров жекпе-жек өнерінің Даңқ залына енді

Лонг-Бичте (Калифорния, АҚШ) салтанатты шара өтіп, қазақстандық боксшы Василий Жиров АҚШ жекпе-жек өнерінің Даңқ залына енді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Василий Жиров 1996 жылы Атлантадағы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған. Кәсіпқой боксқа ауысқаннан кейін 1999 жылы бірінші ауыр салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанып, 2003 жылға дейін осы титулға иелік еткен еді.
Даңқ залына Жировтан бөлек оның жеке бапкері Телл Торренс де енді.
Фото instagram.com/vassiliyjirovtiger