Роналду «Аль-Наср» клубынан кетеді

Шабуылшы Криштиану Роналду саудиялық «Аль-Наср» клубымен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзбақ, деп хабарлайды Prosports.kz.
Mundo Deportivo басылымының жазуынша, Роналду Сауд Арабиясындағы өмірге көңілі толмайды, бұл елдегі мәдениет еуропалық мәдениеттен алшақ. Айта кетейік, Роналдудың жақын ортасы Еуропаға оралғысы келеді.
Роналду Сауд Арабиясы клубында 1 қаңтардан бастап доп теуіп жүр. Бұған дейін БАҚ футболшының жалақысы маусымына 200 миллион еуро екенін хабарлаған.