Теннис

ATP франциялық теннисшіге 144 000 доллар айыппұл салды

ATP франциялық теннисшіге 144 000 доллар айыппұл салды

ATP басшылығы франциялық теннисші Хьюго Гастонға 144 мың доллар (64 млн 368 мың теңге) айыппұл салу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хабарларға қарағанда, Гастон дөреші ұпайды қайта сануы үшін қарсыласы соққы жасап жатқан кезде қалтасынан доп шығарып, жерге тастаған.

Бұл эпизод Madrid Open турнирі аясындағы хорватиялық Борна Коричке қарсы кездесу кезінде болған, хорватиялық спортшы бұл ойында екі сетте 3:6, 3:6 есебімен жеңіске жетті.

Айыппұл Хьюго Гастонның биылғы маусымда алған барлық гонорарынан да көп. ATP ұсынған ақпаратқа сәйкес, ол осы уақытқа дейін 121 712 доллар табыс тапқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0