«Реал Мадрид» шабуылшысы Винисиус Жуниор «Валенсия» жанкүйерлерінің мінез-құлқына қатысты пікір білдірді

«Реал Мадрид» шабуылшысы Винисиус Жуниорға «Валенсия» жанкүйерлері матч барысында балағат сөздер айтып, кездесу 10 минутқа тоқтатылған, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сондай-ақ қосымша уақытта екі команда ойыншылары арасында қақтығыс болып, нәтижесінде шабуылшы қызыл қағаз алған.
«Бұл бірінші емес, екінші және үшінші рет емес. Ла Лигада нәсілшілдік қалыпты деп саналады, федерация оны қалыпты жағдай деп санайды, ал қарсыластар оны ынталандырады.
Кезінде Роналдиньо, Роналду, Криштиану (Роналдо) және (Лионель) Мессиге тиесілі болған чемпионат бүгінде нәсілшілдерге тиесілі. Мені қамқорлығына алып, мен жақсы көретін ел әлемге нәсілшіл елдің бейнесін шығаруға келісім берді. Осының бәрін қолдамаған испаниялықтарға жаным ашиды, бірақ бүгін Бразилияда Испания нәсілшілдер елі ретінде танымал. Мен мықтымын, нәсілшілерге соңына дейін барамын», - деді Винисиус Жуниор.
Испания полициясы жанкүйерлердің мінез-құлқына қатысты тергеуді бастады. Ойыншыға Бразилия президенті, «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти, сондай-ақ бірқатар ойыншылар мен футбол өкілдері қолдау көрсетті.