Қазақстан чемпионаты: 10-турдың соңғы матчтарының тікелей трансляциясы

21 мамырда футболдан Қазақстан чемпионатының 10-тур бағдарламасы Қостанай, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында өтетін матчтармен аяқталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын күнін Астана уақытымен сағат 16:00-де басталатын Қостанайдағы жергілікті «Тобыл» мен ақакенттік «Мақтаарал» арасындағы кездесу ашады.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де Оңтүстік астананың Орталық стадионының алаңына Алматының «Қайраты» мен Қызылорданың «Қайсары» шығады.
Қазақстан астанасы уақытымен сағат 20:00-де Ақтөбе мен Каспий арасындағы текетірес басталады.
Астана уақытымен сағат 21:00-де шымкенттік «Ордабасы» көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдайды.
Qazsport телеарнасы Тобыл - Мақтаарал, Қайрат - Қайсар және Ордабасы - Оқжетпес матчтарын тікелей эфирде көрсетеді.