Шайбалы хоккейден ӘЧ: Германия алғаш рет жеңіске жетті

Шайбалы хоккейден 2023 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында Швеция төртінші жеңісіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
А тобында сынға түсіп жатқан швециялық хоккейшілер 18 мамырда Венгрияны 7:1 есебімен сүріндірді. Бұл - олардың қатарынан төртінші жеңісі. Нәтижесінде турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.
Аталған топта Германия Данияны 6:4 есебімен жеңіп, әлем біріншілігіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы ойнайтын В тобында Чехия Словенияны 6:2 есебімен жеңсе, Швейцария Словакияны 4:2 есебімен тізе бүктірді.