«Қайрат» пен «Атырау» Қазақстан кубогының ширек финалындағы алғашқы ойында тең түсті

Алматыда футболдан «Олимпбет-Қазақстан кубогы-2023» 1/4 финалының «Қайрат» пен «Атырау» арасындағы кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Алаң иелері сапында Вячеслав Швырев гол соққанымен, екінші таймда Артур Шушеначев допты өз қақпасына енгізіп алды.

«Қайрат» – «Атырау» – 1:1 (1:0)

Гол соққандар: Швырев 12 (1:0) – Шушеначев (АГ) 70 (1:1).

17 мамыр 2023 жыл, Алматы, Орталық стадион

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0