ММА

Қайрат Ахметов неге UFC жайлы армандамайтынын түсіндірді

Қайрат Ахметов неге UFC жайлы армандамайтынын түсіндірді

Танымал қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Қайрат Ахметов әлемдегі ең үздік UFC промоушеніндегі сәтсіз мансабы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

- UFC-мен келісімшартқа отыруды армандайсыз ба? Кіммен сөйлессек те, бәрі сол туралы айтады. Сізде осындай арман бар ма?

- Бұрын солай болатын. Енді көптен күткендіктен, одан сәл алыстап кеттім. Жас кезімде армандайтынмын, қазір армандамаймын. Неге екенін түсіндіремін. Бір жағында UFC, ал екінші жағында танымал файтер (Деметриус Джонсон). Әрине, мен Джонсонды таңдаймын. Мен үшін әлем жұлдызымен төбелесу – менің арманым.

Қазақстандық ММА тарихында мұндай жекпе-жек болған емес. Жас болсам, UFC-ге барар едім. Біріншіден, қазір барсам, менде стандартты төлем болады. Екіншіден, мен енді жас емеспін. UFC белбеуіне жету үшін көп жекпе-жек өткізуім керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0