«Елімай» ФК: қазақстандық суперклубтың жарқын оралуы

«Елімай» ФК: қазақстандық суперклубтың жарқын оралуы

Қазақстан Бірінші лигасының жеті туры артта қалды. Жарыс кестесіндегі көшбасшы орынға «Елімай» тұрақтаған. Абай облысының атынан өнер көрсететін команда әлі жеңіліп көрмеген емес. Жеті ойында алты мәрте жеңіске жетсе, бір қарсыласына есе жіберді. Осы ретте Prosports.kz «Елімай» қайта жандануы туралы әңгімелеп бермек.

2023 жылдың 10 сәуірде Семей қаласында жаңадан құрылған «Елімай» футбол клубының таныстырылуы өтті.

Негізі клубты қайта құру жұмысы 2022 жылы басталып кеткен. Еліміздегі ең жүлделі командаларының біріне Абай облысының пайда болуы жаңа дем берді. Уақытысында «Елімай» клубын басқарған, қазіргі таңда Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаевтың қолдауын айта кеткен жөн. Сондай-ақ «Елімайдің» түлегі, Қазақстан футболының аңызы Самат Смақов та шетте қалмады. Ұлттық құраманың бұрынғы капитаны туған командасының тізгінін ұстады. Самат Смақовтың сөзінше, командаға Премьер-лигаға жолдама алу мақсаты қойылған. Бұған қоса, Абай облысының құрылуымен, Семейге облыс орталығы статусы берілген соң «Елімай» ФК қала жеңістерінің символына айналып, Семейге футбол астанасы атағын қайтаруды міндет етіп отыр. 

«Елімайдың» қайта құрылуына жанкүйерлердің де қосқан үлесі зор. Бұдан бөлек демеушілерді де атап өткен жөн. Jusan - клуб қайта құрылған соң сенім білдіріп, серіктес атанған. «Елімай» ФК мен Jusan тек клубты дамытып қана қоймай, аймақтағы футбол деңгейіне көп көңіл бөлуді жоспарлап отыр. Осылайша, түрлі бонустар алуға мүмкіндік беретін жанкүйердің төлем картасы пайда болды. Бұл картамен серіктес желілердің жеңілдігін қолданып, «Елімай» ФК өз алаңындағы матчтарына жылдық абонемент ретінде пайдалануға болады. Сондай-ақ әдеттегі өмірде түрлі дүкендерде, дәріханалар мен фитнес-клубтарда, тағы басқа жерлерде төлем жасау үшін қолдануға арналған. JUSAN серіктестік желісін Қазақстан бойынша дамытып, еліміздің әрбір тұрғынына қолжетімді жасауды жоспарлап отыр.

JUSAN үшін бұл тек маркетинг емес, Қазақстандағы спортты дамытудың мүмкіндігі. Банк қазірдің өзінде футбол жанкүйерлерінің көңілінен орын алды. Өйткені, «Елімай» ФК өз алаңындағы матчтары көрермен саны бойынша Бірінші лигада рекорд орнатып келеді. «Елімайдың» «Спартак» стадионында өткен үш ойынына жалпы саны 16 мың көрермен келген. Бұл Бірінші лигадағы ең үздік нәтиже. Өз кезегінде, футболшылар да жанкүйерлердің көңілінен шығатын ойын өрнегін көрсетіп келеді. Самат Смақовтың шәкірттері Қазақстанның деңгейі жағынан екінші чемпионатында жеңіліссіз келеді. «Елімайдың» жеңіс сериясы алты матчтан тұрады. Тек чемпионаттың алғашқы турында тең нәтиже көрсеткен.

Осылайша, «Елімай» ФК ең басты мақсатына – Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алуға сенімді келеді. Сөзсіз, мұндай атауы бар команданың басқа мақсаты да болмауы қажет. Бұрынғы «Елімай» ФК Қазақстан чемпионатының үш мәрте жеңімпазы атанып, Қазақстан Кубогын жеңіп алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0