Қалың қауым елорда әуежайынан чемпиондарын қарсы алды

Қалың қауым елорда әуежайынан чемпиондарын қарсы алды
Елорда әуежайында қалың қауым Ташкентте ерлер арасында бокстан өткен XX II Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құшақ жая қарсы алды. Алтын медаль иегерлерінің әрқайсысына 265 мың доллар көлемінде сыйақы төленеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ташкенттегі Әлем чемпионатында біздің команда 10 жыл бұрынғы бірегей жетістігін қайталап, бірден 4 алтын медаль жеңіп алды. Бұл - Әлем чемпионаты шеңберіндегі отандық боксшылар үшін ең жақсы нәтиже. Чемпиондарды қарсы алуға келгендер қатарында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов та болды.

"Бүгін - тарихи жеңіс. Кеше бүкіл әлем бокстан Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатының нәтижесін тағатсыздана күтіп, тамашалады. Ал біздің жігіттерден бесеуі финалға шықты. Біз бір күміс және төрт алтын медаль алдық. Бұл - соңғы 10 жылдағы алғашқы жетістік. Қазақстан құрамасының атынан отандық бокс мектебінің түлектері қатысқаны ешкімге құпия емес. Қазақстандық бокс мектебінің әлемдегі ең үздіктердің бірі екенін тағы да дәлелдедік. Көрдіңіздер бе, біздің спортшыларды қолдауға қанша адам келіп тұр. Құрмет деген осы".Асхат Оралов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0