«Қайраттың» жартылай қорғаушысы есін жиды

«Қайраттың» баспасөз қызметі атап өткендей, жартылай қорғаушы Арсен Буранчиев «Қайрат» - «Ақтөбе» ойыны кезінде алған ауыр жарақатынан кейін есін жиды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Соңғы мәліметтер бойынша, футболшы үнемі дәрігерлердің бақылауында.
«Клубтың шешімімен Қазақстан кубогының 1/4 финалындағы «Қайрат» - «Атырау» матчына билеттерді сатудан түскен барлық қаражат Арсен Буранчиев пен оның отбасына аударылады», - деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
Еске салайық, 14 мамырда «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Арсен Буранчиев «Ақтөбенің» бразилиялық шабуылшысы Эльдер Сантанамен соқтығысуы салдарынан ауыр жарақат алған болатын.