Nomad FC қазақстандық спортшы қатысқан кезекті турнирдің видеосын жариялады

Қазақстандық Nomad Fighting Championship лигасы ресми YouTube арнасында төрт тастысты жекпе-жектен тұратын жаңа шығарылым жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық Қайратбек «Выключатель» Жарекеев танымал түркменстандық файтер Эмир «Утилизатор» Джумабаевпен кездесті.
Еске салайық, 10 маусымда Алматы Аренада «Nomad Fighting Championship: Ұлы дала» атты үлкен спорттық турнир өтеді.
Турнирдің басты жекпе-жегінде Шерзод «Разрушитель» Абдужаппаров пен Темерулан «Underdog» Шашубай арасында жартылай орта салмақтағы Гран-при финалы өтеді.
Сондай-ақ, турнирде Васиф «Esuriens» Аббасов - Шамиль «Пахан» Галимов, Қаныш «Кона» Сейдазым – Жәнібек «Ахиллес» Қанатбаев және т.б. спортшылардың қатысуымен жекпе-жектер өтеді.
Тарихта алғаш рет өтетін стадиондық жекпе-жек турниріне билеттерді almaty-arena.kz сайтынан сатып алуға болады.
Nomad FC лигасының ресми серіктесі - UNDERDOG Sports спорттық агенттігі