Бокс

Тоқаев әлем чемпионатында жүлде алған боксшыларды құттықтады

Тоқаев әлем чемпионатында жүлде алған боксшыларды құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентте өткен әлем чемпионатында жүлде алған қазақстандық боксшыларды құттықтап, өнеріне жоғары баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын!», — деп жазды президент.

Айта кетейік, турнирдің финалына Қазақстан құраманың бес өкілі шықты. Санжар Ташкенбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) алтын медаль алса, Дулат Бекбауов (67 келі) күміс жүлдегер атанды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0