42 жастағы Браун UFC-дегі нокаут бойынша Льюистің рекордын қайталады

UFC ардагері Мэтт Браун Шарлотта өткен турнирде нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
42 жастағы Браунның қарсыласы Корт МакГи болды.
Бұл жеңіс Браунның ММА мансабындағы 26-шы жеңісі болды. 13 рет нокаут пен техникалық нокауттың арқасында ауыр салмақтағы Деррик Льюиске тиесілі UFC рекордын қайталады.