Бокс

Әлімханұлы - Батлер жекпе-жегінің статистикасы шықты

CompuBox компьютерлік жүйесінің жобасы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) мен канадалық Стивен Батлер (32-4-1, 26 КО) арасындағы жекпе-жектің соққылар статистикасын ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің айтуынша, Әлімханұлы екі толық емес раундта 86 соққы жасап, оның 26-сы нысанаға дәл тиген. Салыстыру үшін, Батлер 20 соққы бағыттаған, оның тек екеуі ғана Жәнібектің бетіне тиген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0