Нұрбек Оралбайдың жеңісті жекпе-жегінің видеосы

Қазақстандық әуесқой боксшы Нұрбек Оралбай 2023 жылы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда 80 келіге дейінгі салмақта Нұрбек ресейлік Имам Хатаевты жеңді. Жекпе-жек үш раундқа да созылып, төрешілердің екіге бөлінген шешімімен (4-1) Оралбайдың жеңісімен аяқталды.
Финалда қазақ боксшысы Қытайдағы этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен кездеседі.