Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионатының финалына шықты

Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионатының финалына шықты

Жастар арасында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай бокстан Ташкенттегі әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Санжар ресейлік Эдмонд Худоянды жеңді. Жекпе-жек үш раундқа созылып, Санжар төрешілер шешімімен басым түсті (5:0).

Еске салайық, бүгін тағы төрт қазақстандық (Махмуд Сабырхан, Дулат Бекбаубов, Асланбек Шымбергенов мен Нұрбек Оралбай) жартылай финал аясында рингке шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или