«Астана» футболшысы Фабиен Урега жаңа позициясындағы ойыны туралы айтты

«Астана» футболшысы Фабиен Урега жаңа позициясындағы ойыны туралы айтты

«Астананың» жартылай қорғаушысы Фабиен Урега «Мақтааралмен» өткен ойын турасында сұхбат берді.

– Біз жеңіске жеттік және біз үшін ұту өте маңызды болды, өйткені алаңда біз ғана ойнадық және ұпай алуымыз керек еді. Тіпті бәрі тамаша болмаса да, қажет кезде үш ұпайды қалай алу керектігін білуге тиіспіз, сондықтан мен команданы жеңісімен құттықтаймын.

– Соңғы екі кездесуде жаңа позицияда өзіңізді жақсы көрсете білдіңіз. Сізге бұлай ойнау ұнай ма?
– Соңғы екі матчты ортада өткізгенім рас, өзімді жақсы сезіндім. Мен басқаларға мүмкіндік не кеңістік жасау арқылы командаға көмектесу үшін барымды салдым. Жақында мен бірінші голымды соғамын деп үміттенемін, бірақ бұл ең маңыздысы емес. Мен қандай позицияда ойнасам да, командаға пайдам тигені ғана маңызды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0