Бірінші лига матчында «Ақжайық» «Оңтүстіктен» басым түсті

Футболдан Қазақстан Бірінші лигасының алтыншы туры аясындағы ойында оралдық «Ақжайық» «Оңтүстікті» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ақжайық» қазір турнирлік кестеде екінші орында, 6 кездесуде 16 ұпай жинаған. Өз кезегінде «Оңтүстік» соңғы 15-ші орында келе жатыр, клуб 6 тур бойы бірде-бір жеңіске жеткен жоқ.
Бірінші лига, 2023. 6-тур
«Оңтүстік» - «Ақжайық» 0:3
Гол соққандар: 2 Яскович (0:1), 44 Агапов (0:2), 82 Смайылов (0:3)