ММА

«Ол әлі де бабында». Мақсұм - UFC-дегі қарсыласы туралы

«Ол әлі де бабында». Мақсұм - UFC-дегі қарсыласы туралы

Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Азат Мақсұм UFC-дегі алғашқы қарсыласы 39 жастағы америкалық Тайсон Нэйм туралы пікір білдірді, деп хабарлайдыProsports.kz тілшісіLegalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

«Тайсон Нэм - мықты файтер. Ол UFC-де топ-15 қатарына болды. Оның оң қолымен соққысы жойқын. Жасына қарамастан, ол әлі де бабында», - деді Мақсұм Legalbet.kz сайтына.

 

Мақсұм — Нэм жекпе-жегі 15 шілдеде Лас-Вегастағы UFC Fight Night турнирінде өтеді.

Еске салайық, америкалық файтер бұған дейін Алматыда өткен Fight Nights Global 86 турнирінде Қазақстанның тағы бір өкілі – Жалғас Жұмағұловпен октагонда кездескен болатын. Сол кезде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Жұмағұлов жеңіске жеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0