Бокстан ӘЧ: Серік Теміржанов ширек финалда кубалық боксшыдан жеңіліп қалды

Бүгін бокстан Ташкенттегі (Өзбекстан) әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/4 финалда қазақстандық боксшы Серік Теміржанов кубалық Сайдель Хортамен кездесті. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен кубалық боксшы жеңіске жетті.
Еске салайық, Теміржанов әлем чемпионатындағы жекпе-жектерінде малилік Абдул Батили мен венгриялық Ролан Вересті жеңген болатын.