Санжар Ташкенбай әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстандық боксшы Санжар Ташкенбай Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Санжар 1/8 финалда жергілікті боксшы Шодиерджон Меликузиевпен кездесті. Екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберген қазақстандық төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Бүгін кешкі сессияда 86 келі салмақта тағы бір қазақстандық боксшы жекпе-жек өткізеді, Сағындық Тоғамбай Өзбекстан өкілі Шохжахон Абдуллаевпен кездеседі.