Этникалық қазақ әлем чемпионатында қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді

Қытай құрамасының өкілі, этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатхан бокстан Ташкенттегі әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тоқтарбек 1/16 финалда марокколық Мохамедо Ассагирмен кездесті. Қазақ боксшысы қарсыласын үш рет нокдаунға түсіріп, төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша, 80 келіге дейінгі салмақта Танатхан жеңіске жетті.