Қазақстан Азия чемпионатында Оманды жеңді

Волейболдан Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы Азия чемпионатының екінші кезеңінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Иранда өтіп жатқан турнирдің топтық кезеңінде қазақстандықтар сәтсіз өнер көрсетіп, қазір 9-16-орындарға таласып жатыр.

Екінші кезеңнің алғашқы матчында Қазақстан құрамасы омандық қарсыластарынан айласын асырды – 3:1 (25:22, 25:23, 20:25, 25:17).

Енді отандастарымыз келесі матчын Пәкістан құрамасына қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или