русский язык

«Ордабасы» Бауыржан Исламханның денсаулығы туралы мәлімдеме жасады

«Ордабасы» Бауыржан Исламханның денсаулығы туралы мәлімдеме жасады

«Ордабасы» ФК баспасөз қызметі «Қайратқа» қарсы матчта жарақат алған Бауыржан Исламханның денсаулығы туралы мәлімдеме жасады.

«Дәл қазіргі таңда Бауыржан Исламхан клуб дәрігерлерінің қарауында, барлық медициналық көмекті алып жатыр. Сондай-ақ осы саланың үздік мамандарымен, оның ішінде шетелдік дәрігерлермен байланыста.

Бауыржанның нақты диагнозы және алаңға қашан оралатыны жайлы алдағы уақытта қосымша хабарлаймыз. Ресми жаңалықты тек клубтың парақшасынан оқи аласыздар.

Батоға тезірек жарақатынан жазылып, алаңға оралуын тілейміз», - делінген мәлімдеде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;