Әлімханұлы титулды жекпе-жегіне дайындықтың ең маңызды кезеңі аяқталғанын хабарлады

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) 13 мамырда өтетін жекпе-жегіне дайындықтың шешуші кезеңін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«<span>Спарринг аяқталды. Аллаға шүкір. Бұйыртса осы апта жылдамдықты арттыру жұмыстары қалды. Сосын салмақты реттеп Стоктонға аттанамыз, Құдай қаласа! 13 мамыр</span>», – деп жазады боксшы.
13 мамырда (Қазақстан уақыты бойынша 14 мамыр күні таңертең) Жәнібек Әлімханұлы Стоктон қаласында (Калифорния, АҚШ) канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) жұдырықтасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или