Андрей Голубев Прагадағы турнирді сәтсіз бастады

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Прагада (Чехия) өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің жұптық сынында ширек финалға шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Голубев 1/8 финалда чехиялық теннисші Роман Эбавимен жұптасып польшалық Шимон Валков/Карол Джевецкий дуэтінен 7-6, 4-6, 6-10 есебімен жеңіліп қалды.
Матч 1 сағат 43 минутқа созылды.