ФИФА президенті Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

ФИФА президенті Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстан астанасына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы сапар барысында ФИФА басшысының Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі жоспарланған.

Сондай-ақ Инфантино Ұлттық мектеп қыздары футбол лигасының финалдық кезеңінің ашылу салтанатына қатысады.

Сонымен қатар, ФИФА мен ҚФФ президенттері елдегі футболды дамыту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар мәселелерді талқылайды.

Айта кетейік, бұл Инфантиноның ФИФА басшысы ретінде Қазақстанға бірінші сапары.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0