русский язык

Шетелдік клуб қазақстандық қақпашыға қатысты шешім қабылдады

Шетелдік клуб қазақстандық қақпашыға қатысты шешім қабылдады

Қырғызстанның «Дордой» футбол клубы мен «Оңтүстік» (Шымкент) футбол академиясы қазақстандық қақпашы Бекжан Тоқтарбайды жалға алу келісімін бұзу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ағымдағы маусымда Тоқтарбай «Алға» командасына қарсы Қырғызстан чемпионатының төртінші тур ойынына ғана қатысты (0:2).

«Клуб Бекжанға жоғары кәсіпқойлығы үшін алғысын білдіреді және оған алдағы мансабында сәттілік тілейді», - деді Қырғызстанның 12 дүркін чемпионы өз хабарламасында.

Айта кетейік, Бекжан Тоқтарбай биыл ақпан айында «Дордойға» қоныс аударған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;