Чемпион сенімді жеңіске жетті, Тоқтар тосылып, Шарипова шеберлігін көрсетті

29 сәуірде Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының OCTAGON 44 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран, Әзербайжан, Ресей, Бразилия және Бахрейн файтерлері қатысқан 14 тартысты жекпе-жек өтті.
Бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың, танымал теле және кино актері Еркебұлан Тоқтардың, танымал файтер Олжас Есқараевтың, және ММА-да дебют жасаған блогер Әділет «Упучук» Айтжановтың өнеріне көрермен риза болды. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы ұйым чемпионы бахрейндік Магомед Магомедов (11-0) тәжірибелі қазақстандық файтер Әділ Боранбаевқа (21-9-1) қарсы титулын қорғайды.
Кеш қазақстандық екі ауыр салмақтағы спортшы – дебютант Алдияр Жексенбиев пен 18 жастағы Полат Мурсалиев (1-0) арасында кездесумен басталды. Жекпе-жекте бірінші раундта Мурсалиевтің техникалық нокаутымен аяқталды.

Одан кейін өзбекстандық Муслимбек Хомидов (3-4-1) пен қазақстандық Жасұлан Мейірманов (1-0) кездесті. Жекпе-жек үш раундқа созылып, қазақстандық файтер төрешілер шешіммен жеңіске жетті.
Алғаншқы кардтың үшінші кездесуінде әуесқойлар деңгейде UFC файтері Сергей Морозовты жеңген қазақстандық файтер Рысбек Байдуллаев (2-1) өнер көрсетті. Жеңіл салмақта оның қарсыласы қырғызстандық Қазақбай Тіленов (4-0) болды. Бірінші раундтың соңында қырғызстандық боксшы мансабындағы бесінші жеңісіне қол жеткізді.
Кештегі әйелдер арасындағы алғашқы жекпе-жекте жартылай жеңіл салмақта Меруерт Нұрмаханова (2-0) мен ирандық Масумих Резаи (2-0) кездесті. Нұрмаханова алғашқы бес минутта-ақ жекпе-жекті жеңіспен аяқтады.
Прелим-кардтың бесінші жекпе-жегінде танымал блогер Әділет «Упучук» Айтжанов аралас жекпе-жектегі дебютін өткізді, ол Әділет Ақылбекті (0-1) бірінші раундтың соңында техникалық нокаутпен жеңді.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жекте жеңілмеген екі файтер кездесті – қазақстандық Райымбек Асан (2-0) мен ирандық Мохамеджавад Хосейнабади (2-0). Асан алғашқы раундтың соңында техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Кезекті жекпе-жек қырғызстандық Кенжебек Абдраимов (3-3) пен қазақстандық Талғат Халмұрадов (4-3) арасында өтті. Нәтижесінде Абдраимов төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Басты кард UFC файтері Азат Мақсұмның бұрынғы қарсыласы қазақстандық Ақтөре Батырбек (4-2) пен әзербайжандық Субхан Насиров (2-0) арасындағы кездесумен басталды. Бұл жекпе-жекте Батырбек мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипова (2:0) ММА-дағы үшінші жекпе-жегін ресейлік Илона Бондаренкоға (1:0) қарсы өткізіп, бірінші раундта жеңіске жетті.

Ең жеңіл салмақта тәжікстандық «гангстер» Шерзод Ибодилоев (5-1) пен қазақстандық Дархан «Мотиватор» Сқақов (7-4) кездесті. Үшінші раундтың соңында «гангстер» қылқындыру әдісімен жеңіске жетті.
Қазақстандық файтер Еркін Дәрменов (12-5) пен бұрынғы Bellator файтері бразилиялық Тиаго Оливейра (16-9) жартылай орта салмақта күш сынасты. Бірінші раундтың соңында бразилиялық файтер қылқындыру әдісімен жеңіске жеткен, бірақ Дәрменов пен оның командасы Оливейра тыйым салынған тәсіл қолданғанын айтып, төрешілерге шағым түсірді. Бейне қайталаудан кейін бразилиялық файтер қазақстандықтың құлағын тістеп алғаны белгілі болды. Бразилиялық файтер жарыстан шеттетіліп, жеңіс Дәрменовке берілді.

Кештің негізгі жекпе-жегінде танымал актері Еркебұлан Тоқтар (5-2) октагондағы кезекті жекпе-жегін өткізді. Қазақстандықтың қарсыласы ирандық Паям Назари (3-1) болды. Екінші раундта Иран спортшысыс қылқындыру әдісімен жеңіске жетті.

Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы ұйым чемпионы бахрейндік Магомед Магомедов (11-0) тәжірибелі қазақстандық файтер Әділ Боранбаевқа (21-9-1) қарсы титулын қорғады. Үшінші раундта Әділ Боранбаевтың бұрышы октагонға орамал тастап, жеңілісін мойындады. Осылайша, Магомедов титулын сәтті қорғап, кәсіпқой мансабындағы он екінші жеңісіне қол жеткізді.
OCTAGON 45 турнирі 27 мамырда Алматыда өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде ұйымның ең жеңіл салмақтағы чемпионы Дамир Төленов (9-0) пен қырғызстандық Алмамбет Абдывасыуулу (11-6) кездеседі. Кештің негізгі кездесуінде жартылай ауыр салмақтағы OCTAGON чемпионы Карим Рузбакиев (9-1) ресейлік поп-ММА жұлдызы Даниял «Т-34» Эльбаевпен (9-5) кездеседі.