Қазақстан құрамасы Ташкентке жетіп, алғашқы жаттығуын өткізді

Бокстан Қазақстан құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионаты өтетін Ташкентке (Өзбекстан) барды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Шымкенттен Ташкентке дейін 130 шақырым. Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты өтетін Ташкент қаласына жетіп, алғашқы жаттығуын өткізді. Басты жаңалық әлі алда! Бізбен бірге болыңыздар, құрметті жанкүйер! Бірге жеңіске жетеміз!», - деп жазды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Ташкенттегі әлем чемпионаты бірінші мамырдан 14 мамырға дейін жалғасады.