«Ақтөбенің» Орталық стадионы қашан жөнделіп болады

«Ақтөбе» ФК директорлар кеңесінің төрағасы Болат Мажағұлов Ақтөбе қаласының Орталық стадионын қашан дайын болатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сәуір айының басында Ақтөбенің орталық стадионы маусым айының басына дейін дайын болатынын айтқан едік.

Соған сәйкес ел чемпионаты мен алдағы еурокубок ойындарына дайындық аясындағы жөндеу жұмыстары жедел түрде басталды.

Қазіргі таңда стадион алаңы жаңартылып, мінберлер ауыстырылып жатыр. Сондай-ақ киім-кешек бөлмелері мен санитарлық-гигиеналық тораптар жөнге келтірілу үстінде.

Алдын ала жорамал бойынша Орталық стадион биыл 3 маусым күні өтетін "Ақтөбе" — "Шахтер" (Қарағанды) матчында жанкүйерлер үшін есігін айқара ашпақ», – деп жазды ол.